Буын және функционалды нейрохирургия бөлімі

Буын және функционалды нейрохирургия бөлімінде 26 жатын орны бар. Біздің бөлім ми және жұлын ауытқушылықтары бар емделушілерге жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері көрсетіледі және қояншық,  Паркинсон ауруларын операциялар арқылы емдейді.

Сонымен қатар ауырсыну синдромдары, спазмалар кезінде, бас сүйек – ми жүйке жүйесінің невралгиясы,  эссенциальді тремор кезінде ем көрсетіледі. Аз инвазивті хирургиялық  операциялар жергілікті және үстіңгі наркоз беріле отырып  жасалады және бөлім дәрігерлері КТ және МРТ көмегімен алынған интраоперациялық  диагностика нәтижелеріне орай өздерінің іс әрекеттерінің бағыттарын өзгерте алады.

Бөлімнің орталық жүйке жүйесі тамырларының ми және жұлын тамырларының аневризмалары, артерия-венозды мальформациялар, ми тамырларының каротидты-кавернозды ұштасуы,  геморрагенді және ишемиялық инсульттар сынды ауру түрлерін емдеуде үлкен тәжірибе жинақтаған.  Бөлімде жоғары санатты күрделілікке ие тамыр патологияларын: миға біткен ірі және аса ірі көлемді аневризмаларды,  ірі әрі терең орналасқан тамыр мальформацияларын, мидың гиперваскуляризирленген  ісіктерін операция арқылы емдеу методикалары енгізілген.  Бөлім мамандары жылына шамамен 600 жуық нейрохирургиялық операциялар жасайды.

Бөлімнің жабдықталуы

Заман талабына сай жабдықталған операция залдары мен хирургтардың  кәсіби деңгейінің жоғарылығы ми тамырларының кез келген деңгейлі ісіктерін операциялар арқылы жемісті емдеуге мүмкіндік береді. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін операциялық микроскоп және навигациялық станциялар пайдаланылады, бұл алынып тасталуы тиіс ісікке қол жеткізу үшін хирургиялық жолдың дәл траекториясын есептеуге мүмкіндік береді.

Қан тамырлары және функционалды нейрохирургия бөлімі қызметкерлері ізденіс жұмыстарына 1 патент алынды,  1 монография басылып шығарылды, 2 әдітемелік нұсқаулық басылды. Бөлім дәрігерлері арасында 3 ғылым кандидаты бар. Бөлім дәрігерлері WFNS (Әлемдік  нейрохирургиялық қауымдастықтар федерациясы), EANS (Еуропа нейрохирургтар ассоциациясы), ACNS (Азия нейрохирургтар конгрессі) мүше болып табылады.

Бөлім мүмкіндіктері:

Емделушілердің ем қабылдауы аз инвазивтілігі  қағидасына орай жүзеге асырылады, барынша аз жарақаттау арқылы, ми мен жұлын тіндерін зақымдамай отыра отырып жасалады. Осы мақсатта төмендегі әдістемелер қолданылады:

1.     Ми қан тамырларының аневризмасы кезінде эндоваскулярлы ем жасалады (микроспиральдармен, стент немесе баллон қолдану арқылы ремоделдеу)

2.     Қан тамырлары аномалияларын  микрохирургиялық жолмен кесу (артериовенозды мальформация, артеривенозды фистул)

3.     Қан тамырлары ауытқушылықтарының жапсырмалы  компоненттермен эндоваскулярлы эмболизациясы (артериовенозды мальформация, артеривенозды фистул)

4.     каротидты-кавернозды ұштасуды  эндоваскулярлы емдеу

5.     Бас пен мойын тамырларын эндоваскулярлы  стентирлеу

6.     Жұлын нейростимуляциясы

7.     Үштік жүйкесінің немесе үштік жүйке ұшының невралгиясы кезінде радиожиілілік термодекструкциясы  

8.     Қояншықтың фармакорезистетті түрлерін хирургиялық жолмен емдеу

9.     Мидың терең қабаттарының стереотаксикалық нейростимуляциясы

 

Бөлім меңгерушісі  - Махамбетов Ербол Тарғынович.

Медицина ғылымдарының кандидатыжоғары санатты нейрохирург дәрігер.