Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесі

Шеткі жүйке жүйесі патологиясы және арқа нейрохирургиясы бөлімі 27 жатын орыннан тұрады. Орталық мамандарының үздіксіз біліктідігін көтеріп отыруы, медициналық ғылым мен иннолвациялық технологияларды басшылыққа ала отырып жұмыс жасауы емдеу мен операциялардың жемісті нәтижелерінің кепілі болып табылады.

Біздің Орталықта омыртқа, жұлын, шеткі жүйке жүйексінің патологияларын кең ауқымды емдеу жүзеге асырылады:

  •  Барлық деңгейдегі омыртқа аралық дискілердің жарықтары (соның ішінде, эндоскопиялық және пункциондық технологиялар, лазерлі вапоризация, радиожиілілікті термодеструкцияны қолдану арқылы);
  •  Омыртқа-қозғалмалы сегментінің тұрақсыздығымен сипатталатын омыртқа аралық дискілердің жарықтары (соның ішінде, кейдж ауыстыру, фиксацияның пункциондық әдістері, фиксацияның динамикалық жүйесін қолдану арқылы);
  •  Омыртқа каналының дегенеративті стенозы арқылы;
  •  спондилолистездер
  •  барлық деңгейдегі омыртқа жарақатының салдарынан болатын зақымданулар (соның ішінде вертебропластика, кифопластика);
  •  омыртқа-жұлын жарақаттануларынан туындаған (соның ішінде кифосколиотикалық деформациялар мен менингомиелорадикулолизді коррекциялау арқылы);
  •  шеткі жүйке жүйесі мен жүйке қиылысуларының жарақаттануы нәтижесінде болатын зақымданулар (невролиз, нейрорафия, аутопластика).

Аса ауыр және жиі кездесетін нейроонкологиялық патологияларды емдеудің тактикасы мен техникасы, емдеу нүктесіне жету жолдарын жетілдіруге көп көңіл бөлінуде:

  •  жұлынның барлық деңгелі интрамедуллярлы ісіктері;
  •  жұлынның экстрамедуллярлы ісіктері;
  •  омыртқаның бастапқы және метастазды ісіктері;
  •  шеткі жүйке ісіктері.

Ісікті алып тастауда нтраоперациялық электрофизиологиялық мониторингті және неғұрлым аз жарақатты әдістемелерді қолдану, жұлынның қызметтік қабілетін барынша сақтап қалуға және емделушінің өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Шеткі жүйке жүйесі патологиясы және арқа нейрохирургиясы бөлімі қызметкерлері қазіргі таңда ізденіс жұмыстарына 5 патент алды, бір моноргафия шығарды, ондаған ғылыми жұмыстарын отандық және шет елдік ғылыми басылымдарға жариялады. Бөлім дәрігерлері WFNS (Нейрохирургиялық қауымдастықтардың әлемдік Федерациясы), EANS (Еуропа нейрохирургтер ассоциациясы), ACNS (Азия нейрохирургтер конгрессі).

Бөлімнің жабдықталуы

Барлық операциялар қазіргі заманғы әлемнің жетекші өндірушілерінің (KarlZeis; KarlStorz, Germany) микроскоптары және эндоскопиялық жабдықтары, нейронавигациялық қондырғы және интраоперациялық КТ-томографы (Metronic, USA), электронды-оптикалық бейнебақылаушы (Siemens, USA); жоғары жиілілікті және плазмалық коагулятор, ультрадыбысты сорғыш (Soring, Germany); микрохирургиялық құралдар және айналымы аса жоғары дрель (Aesculap, Germany) арқылы жасалады.

Арқа патологиясы кезінде реконструктивті-тұрақтандырғыш операциялар жасау барысында әлемнің жетекші өндірушілерінің (DePuy J&J, USA; Metronic, USA; Stryker, USA; B.Braun-Aesculap, Germany) медициналық құралдары: PLIF-, TLIF-, VLIF – жүйесінің кейдждері; транспедикулярлы фиксация жүйесі, соның ішінде тері ішілік; артқы динамикалық тұрақтандыру жүйесі - DIAM; трансартикулярлы фиксация жүйесі, соның ішінде атлант-аксиальді патология; алдыңғы тұрақтандыру жүйесі; вертебропластикаға арналған «confidence» жүйесі және т.б.

Бәліснің барлық мамандары жетекші медициналық нейрохирургиялық орталықтарда тәжірибе жинақтап, білім алған.

Бөлім мүмкіндіктері

Өз тәжірибемізде біз тек қана заман талабына сай жабдықтарды ғана пайдаланамыз, мысалы бізде омыртқаға жасалатын бірде бір операция интраоперациондық компьютерлік томографиясыз, нейронавигациясыз, нейрофизиологиялық бақылаусыз жасалмайды. Бұл бізге фиксирлеуші жүйелерді орнатудың дәлдігін біршама арттыруға, жұлын мен оның жүйке талшықтарының жүйелі декомпрессиясын интраоперациялық бақылауға мүмкіндік береді және емделушінің толыққанды өмірге ертерек оралуына жағыдай жасайды. Операциялық бөлімде жасалатын ем түрлерінің көбі күрделілігі жоғары санатты жоғарғы технологиялық нейрохирургиялық операциялар қатарына жатады:

1. Жұлын мен омыртқа ауытқушылықтары кезінде микрохирургиялық технологии және эндоскопиялық операциялар жасау

2. Омыртқаның дегенеративті зақымдануы кезінде тұрақтандырғыш опреациялар жасау

3. Жұлын мен омыртқаға біткен көлемді ісіктерді микрохирургиялық жолмен алып тастау

4. Омыртқа ауытқушылығы кезіндегі вертебропластика, кифопластика жасау

5. Омыртқа дискісі жарығының лазерлі вапоризациясы

6. Омыртқа дискісі жарығын эндоскопиялық жолмен алып тастау

7. Омыртқа аралық дискілерді микрохирургиялық жолмен алып тастау

8. Омыртқа аралық дискілерді протездеу

9. Омыртқаның перкутантты (тері ішілік), транспедикулярлы, трансартикулярлы, орталық кортикальді фиксациясы

10. Омыртқаның динамикалық тұрақтандырылуы

11. Омыртқаның фасеттік жүйкесінің радиожиілілікті термодеструкциясы

Бөлім меңгерушісі – КерімбаевТалғат Тынышбаевич, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер.