Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесі

Орталық жүйке жүйесі бөлімінде 20 жатын орны бар. Бөлім орталық жүйке жүйесінде ісіктері бар емделушілерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында құрылған (мидың супра, субтенториалды жерде орналасқан аналық және аталық ісіктері, хиазмальды – селлярлы аумақтағы ісіктер, ми мен бас сүйек негізіндегі ісіктері, орталық жүйке жүйесінің метастаздық зақымдануы, мидың туа бітті және кейін пайда болған кисталары), сонымен қатар мидың гидроцефалия, абсцесс және паразитарлы зақымдануы, бас сүйек дефектілері, нейрохирургия саласындағы ғылым жетістіктерін, алдыңғы қатарлы технологиялар мен стандарттарды енгізу басты міндеттер болып саналады. Орталық жүйке жүйесі Патологиясы бөлімінде хирургиялық жолдардың әдістемесі мен жетілдіру жұмыстары, мидың қызметі мен қан айналымын реттейтін тактикалық тәсілдер мен мидың ісіктерін алып тастау әдістері жүргізіледі. Басты назар жиі кездесетін, аса күрделі нейрохирургиялық патологияларды емдеудің тактикалары мен техникаларын, ісікке қол жеткізу жолдарын жетілдіруге бағытталған:

  •  Түрлі жерде орналасқан және таралымы әртүрлі базальды менингиомалар;
  •  VIII жүкесінің невриномасы;
  •  Гипофиз аденомасы;
  •  Мидың GI – GIV глиомасы;
  •  Ми қалташаларының және пинеальді аумақтағы ісіктері;
  •  Түрлі этиологиялық гидроцефалиясы;
  •  Арахноидальді және өзге де ми кисталары;
  •  Мидың қайталанған ісіктері;
  •  Бас сүйек негізі сүйектерінің ісіктері;
  •  Краниофарингиомалар

Орталық жүйке жүйесі бөлімі қазметкерлері тек соңғы 5 жыл көлемінде 3 патент алынған, 3 кандидаттық диссертация қорғалды, 2 монография баслымға дайындалып жатыр, 2 әдістемелік нұсқаулық әзірленуде. Бөлім дәрігерлері Қазақстан нейрохирургтер Қауымдастығының, Еуропа нейрохирургтер қауымдастығына мүше.

Диагностиканың жаңа әдістемелерін, ісікке қол жеткізудің жаңа жетілген жолдары мен әдістерін, жаңа емдеу тәсілдерін енгізу нейроонкологиялық емдеу нәтижелерін жемісті етуге зор мүмкіндік береді.

Қазіргі микрохирургиялық техникалар мидың III қалташығындағы ісіктерін, ми тіндерін, ми қабатының астындағы құрылымдарда орналасқан ісіктерді емдеуде аса тиімді. Мидың маңызды аумақтарында орналасқан ісіктерді алып тастау барысында біздің Орталықта интраоперациялық нейронавигациялық жүйе кеңінен қолданылады. Сонымен қатар бас сүйек негізінде орналасқан ісіктер, гипофиз аденомасы кезінде ісікке қол жеткізудің эндоскопиялық трансназалдық транссфеноидальді жолы қолданылады. Бұл әдіс қазіргі таңда әлем бойынша ең негізгі мидағы және бас сүйек негізіндегі ісіктерге қол жеткізу жолы болып табылады, яғни, магистральды тамырлар, бас сүйек, ми жүйкесінің бұтақтары өтетін қиын және қауіпті аумақтарды орналасқан ісіктерді алып тастауда бұл таптырмас амал. Бұл ісіктер қатарына гипофиз аденомасы, краниофарингеома, хордома, бас сүйек негізі обыры, ангиофиброма, менингиома және басқа ісік түрлері жатады. Бұл әдіс аз инвазивті болып табылады, себебі, мидан тыс жолдармен жасалады, нәтижесінде ми тіндері зақымдану қаупі мүлде болмайды деуге келеді.

Бұл өз кезегінде операциядан кейінгі салмақ пен мерзімді қысқартуға мүмкіндік беретін әдіс. Операциядан соңғы туындайтын қиындықтар пайызы төмендейді.

Бөлім мүмкіндіктері:

Емделушілердің ем қабылдауы аз инвазивтілігі қағидасына орай жүзеге асырылады, барынша аз жарақаттау арқылы, ми мен жұлын тіндерін зақымдамай отыра отырып жасалады. Осы мақсатта төмендегі әдістемелер қолданылады:

1. Интароперациялық навигациялық жүйені пайдалана отырып ми ісіктерін микрохирургиялық жолмен алып тастау;

2. Интраоперациялық нейромониторингті пайдалана отырып, микрохирургиялық жолмен ми ісіктерін алып тастау;

3. Бас сүйек негізіндегі қиын жерлерде орналасқан ісіктерді аралас жолдармен және микрохирургиялық нейромониторинг және интраоперациялық, эндоскопиялық ассистенция арқылы алып тастау;

4. Стереотаксикалық жүйені қолдану арқылы ми ісіктерінің биопсиясын жасау;

5. Интраоперациялық нейронавигациялық жүйені қолдана отырып ми және бас сүйек ісіктерін эндоскопиялы трансназальды транссфеноидальді жолмен алып тастау;

6. Гидроцефалияның түрлі этиологиясы кезінде шунтирлеуші жүйенің имплантациясы

7. Гидроцефалияның түрлі этиологиясы кезінде эндоскопиялық вентрикулоцистерностомиясы

Бөлім меңгерушісі – Рыскелдиев Нұржан Әмірбекович. Жқғары біліктілікті санатты нейрохирург-дәрігер. ҚР денсаулық сақтау үздігі (2010 ж). «2009 жылғы Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ ең үздік дәрігері» атағының иегері. 40 астам мақала, 2ғылыми жаңалықтың авторы.