ТМККК
Біздің Орталыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емдеуге жатқызу үшін Сізге қажет:
1. Нейрохирургке кеңеске жолдама алу үшін тұрақты мекен-жайыңыз бойынша емхананың учаскелік дәрігеріне жолығу.
2. Біздің Орталықтың нейрохирургына мына телефондар бойынша 511-600 қабылдауға жазылу немесе құжаттар жиынтығын (МРТ суреттері, 027у амбулаторлық картадан үзінді көшірме) мына электрондық мекен-жайға жіберу:neuro_omo@mail.ru.
3. Нейрохирургтың шамамен белгіленген емдеуге жатқызу күні көрсетілген оң қорытындысын алғаннан соң Сізге тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша емханаға көріну керек.
Емхананың учаскелік дәрігері қажетті тексерулерді өту үшін жолдама береді.
Тексерулер қорытындысын алғаннан кейін емхана жергілікті Денсаулық басқармасының ЖММК аймақтық комиссиясының қарауына медициналық құжаттарды жолдайды.
Оң шешім қабылданған жағдайда ЖММК комиссиясы жолдаманы «Емдеуге жатқызу порталы бюросында» тіркейді.
Стационармен порталда емдеуге жатқызу туралы соңғы мерзімін анықтағаннан кейін аймақтық комиссия медициналық құжаттар жиынтығын және емханаға жатқызу кодымен жолдаманы жібереді.
4. Емхананың учаскелік дәрігері Сізге қажетті медициналық құжаттарды және емдеуге жатқызу туралы кодымен жолдаманы ұсынады.
5. Қажетті медициналық құжаттарды және емдеуге жатқызу кодымен жолдаманы алғаннан кейін алғаннан кейін Сізге біздің Орталықтың қабылдау бөліміне сол күні сағат с 9.00-дан 16.00өге дейін келу қажет (келе алмайтын жағдайда Сізге тиісті жататын стационарлық бөлім меңгерушісін себептері туралы ескерту қажет).
Жоспарлы стационарлауға қажетті құжаттар тізімі:
Стационарлау үшін барлық науқастарға келесі құжаттар мен зерттеулер нәтижелерін ұсыну қажет:
1. Стационарға жатқызу кодымен жолдама және науқастың медициналық амбулаторлық картасынан (027/у түріне сәйкес) үзінді көшірме;
2. Жеке бас куәлігі – түпнұсқасы және көшірмесі (жеке бас куәлігі/паспорт/туу туралы куәлік), барлығы жеке бланктерде.
3.Зерттеулер нәтижелері:
- нейрохирургия бөлімінің ересек науқастарына: