Астананың 20-жылдығына орай медаль табыс етілді

бейсенбі,  5  Июль  2018

Астананың 20-жылдығына орай медаль табыс етілді

Астананың 20-жылдығына орай медаль табыс етілді

       Елорданың мерейтойы қарсаңында Астана қаласының әкімдігінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әмірханұлы Аманшаев «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Медициналық директоры Т.Т. Пазылбеков пен Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Е.Т. Махамбетовке Қазақстан Республикасы мен оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін мерейтойлық «Астана-20 жыл» медальін салтанатты түрде табыс етті.
       Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы Талғат Тұрарұлы мен Ербол Тарғынұлын лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды және жаңа биіктерге қол жеткізуде табыс, сәттілік пен жетістіктер тілейді!


тiзiмге қайтару