Күндізгі стационар - емдеуге жатқызылмастан сапалы ем қабылдау мүмкіндігі

Күндізгі стационар - емдеуге жатқызылмастан сапалы ем қабылдау мүмкіндігі

Біздің Орталықтың базасында күндізгі стационар жұмыс істейді - бұл дәрігердің тәулік бойғы бақылауы талап етілмейтін, бірақ тағайындалған процедураларды үй жағдайында қабылдау мүмкін болмайтын пациенттерге арналған емдеу. Күндізгі стационар - уақытын бағалайтын және денсаулығын күтетін жандарға арналған. Күндізгі стационардың палаталары сағат 8-00 –ден 18-00-ге дейін жұмыс істейді, сағат 19.00 -ден 07.00 –ге дейін пациент туыстарының түнгі уақытта қонуына арналған қызмет бар. Ем қабылдап жатқан барлық пациенттер дәрігер бақылауында болады. Біздің клиниканың күндізгі стационарындағы медициналық қызмет көлемі:

  • медикаментозды терапия курсы: дәрілік заттарды тері астына, бұлшықетке, вена ішіне және вена ішіне тамшылатып енгізу, сонымен қатар таблеткадағы препараттарды іріктеу; 
  • физиотерапиялық процедуралар, массаж. 
Емдеудің одан арғы әдісі мен барысын таңдау нақты ауру түрі мен оны емдеу ағымына байланысты. Кейбір жағдайларда тек медикаментпен емдеу тағайындалады, қажеттілігіне қарай Орталықтың жалпы нейрохирургия бөлімшесінің базасында операциялық ем қабылдау немесе физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің базасында өткізілетін физиопроцедуралармен шектелуі мүмкін.


тiзiмге қайтару