Ғылыми кеңес
«Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Ғылыми кеңесі негізігі міндеттері болып Қоғамдастық дамуындағы өзекті мәселелерді шешу үшін оның ұжымының күшін біріктіру, ғылыми зерттеу жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ету, дипломнан кейінгі кәсіби білімі мемлекеттік стандарттарға сай келетін мамандар даярлау, медициналық тәжірибеге жаңа жетістіктерді енгізу, отандық және әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеу және білім беру қызметтерін ұсыну табылады.
Ғылыми кеңес өзінің құзырлы қызметін атқарғанда Қазақстан Республикасы Конституциясын; Қазақстан Республикасы (бұдан әрі ҚР) заң шығармашылығын; 18.02.2011 ж. ҚР «Ғылым туралы» Заңын; 18.09.2009 ж. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексін; ҚР «Акционерлік қоғам туралы» Заңын, Қоғамдастықтың Уставы мен регламентін, Ішкі еңбек тәртәбә Ережесін, сонымен қатар берілген Ережені басшылыққа алады.
Ғылыми кеңес нейрохирургия аясындағы фундаментальды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жетілдіру мақсатында құрылады.
Ғылыми кеңестің миссиясы
Қоғамдастық жұмысының ҚР денсаулық сақтау саласының ғылыми концепцияларының әзірлемесін дайындаудағы, ғылыми жұмыстардың ағымдағы және болжамды бағыттарын айқындаудағы, нейрохирургия аясында фундаментальды және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізудегі мәнін айқындау;
Ғылыми зерттеу бағдарламаларын жемісті жүргізу мақсатында Коғамдастық жұмыскерлеріне ғылыми жұмыс жасау үшін жағдай тудыру ;
Қоғамдастықтың ғылыми құрылымдарының материалдық техникалық базасын нығайту, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру туралы нұсқаулықтар беріп отыру;
Қоғамдастықтың әрі қарай дамуына үлес қосу.
Ғылыми кеңес өз құзыры аясында жүзеге асырады:
1) Қоғамдастық Уставына және Қоғамдастықтың Ғылыми кеңесінің Ережесіне өзгертулер енгізу туралы ұсыныстарды бекітуге беру;
2) организация и координация фундаментальды және ғылыми-қолданбалы зерттеулер, ғылыми жұмыстардың негізгі басымдылыққа ие бағыттарын анықтау және бекіту, халықаралық стандарттарды енгізу;
3) белгілі бір кәсіби аяда ,ылыми зерттеулер жүргізген кезде ЖОО және ғылыми орталықтар мен Қоғамдастықтың өзара қарым қатынасының негізгі бағыттарының әзірлемесін дайындау;
4) ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде халықаралық тәжірибе алмасу және өзара ықпалдастық орнату;
5) Ғылыми кеңестің Жоспарын және Қоғамдастықтың ағымдағы жұмыс Жоспарын бекіту;
6) Ғылыми зерттеу жұмыстарыны жобалары мен жоспарларын талқылау және бекіту;
7) Қауымдастық базасында орындалатын ғылыми техникалық бағдарламалардың мониторингі мен деңгейінің жүзеге асырылуын бақылау;
8) Қоғамдастықтың құрылымдық бөлімдері ғылыми зерттеу жұмыстарының аралық, қорытынды есептерін тыңдау және бекіту;
9) Қоғамдастықтың баспа жұмыстарының координациясы, оқулықтар, монографиялар, тәжірибелік басшылықтар, әдістемелік нұсқаулықтар, өзге де ғылыми әдістемелік әдебиеттерді даярлау мен шығару мәселелерін қарастыру;
10) Қазақстан Республикасының заңына және Қоғамдастықтың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпке сай ғылыми ғылыми ізденіс жұмыстарын атқаратын адамдарды атақтарға, марапаттауларға ұсыну және бекіту;
11) Ғылыми жетекшілерді, магистрлік және докторлық диссертациялардың тақырыптарын бекіту;
12) Магистранттардың, докторанттар мен ғылыми қызметкерлердің жасалған жылдық жұмысы аттестациялық есепті тыңдау және бекіту;
13) Қоғамдастық базасында көрсетілетін білім беру бағдарламасының орындалуын қадағалау (ЖОО кейін және қосымша медициналық білім беру, резидентура және оқытудың өзге де түрлері);
14) Ғылыми тәжірибеден өту, шығармашылық демалыстар, біліктілігін көтеру және ғылыми іссапарлар;
15) Диссертацияларды қорғауға байланысты арнайы кеңестер құру және олардың атқаратын жұмыстары туралы сұрақтарды қарастыру.