Конференциялар

Қазақстан Республикасы нейрохирургтерінің халықаралық қатысуымен болған 2-ші Съезі Астана қаласында 2012 жылдың 1-2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2012 ж. 28 ақпанындағы № 125 «2012 жылға ғылыми-тәжірибелік конференциялар тізімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізілді. Съездің ұйымдастырушылары болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және «Қазақ нейрохирургтер Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі табылды.

1 шілде күні «Думан» қонақ үйі кешенінің Парламент залында Қазақстан Республикасы нейрохирургтерінің қалықаралық қатысумен өткен 2-ші Съезінің салтанатты ашылуы болды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы С.Р. Мусинов ҚР Мемлекеттік хатшысы М.А.Құл-Мұхаммедтің алғысөзін жеткізіп, соңынан өзінің алғысөзін айтты. Сосын Орталық қабырғасында сәтті өткен емдеулер туралы «Ойдан шығарылмаған оқиғалар» атты деректі фильм көрсетілді. Одан кейін «Назарбаев Университет» АҚ президенті Шигео Катсу мырза, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының орынбасары К. Жаңабергенов, Еуропа нейрохирургтар қауымдастықтарының Ассоциациясының директоры профессор Владимир Бенеш сөз алды. Өз кезегінде «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының» Бас директоры С. Ақшолақовтың «Қазақстан нейрохирургия қызметінің қазіргі жағдайы мен даму перспективасы» тақырыбыдағы баяндамасы тыңдалды. Бұдан соң «Карл ШторцЭндоскопи Казахстан» ЖШС бас директоры С. Ахундов сөз алып, «Карл Шторц» компаниясының жетекшісі Шторц ханымның атынан С. Ақшулақовқа эндоскопиялық технологиялардың дамуына қосқан зор үлесі үшін «Алтын эндоскобын» табыс етті.

Үзілістен соң пленарлық отырыс өткізіліп, онда шел ел қонақтарының 6 және қазақстандық мамандардың 12 баяндамалары тыңдалды.

РНХҒО академик А.Н. Коновалов атындағы Ғылыми-ақпараттық орталықтың салтанатты ашылуы болды. Ашылу салтанатында академик Шарманов Т.Ш. және профессор Лихтерман Л.Б.құттықтау сөздерін сөйледі.

Съез бағдарламасына сай Қазақстан республикасы облыс орталықтары мен ірі қалаларының бас нейрохирургтарының қатысуымен мәжіліс өтті. Мәжілісте нейрохирургиялық көмек түрлерін әрі қарай жетілдіру, № 763 бұйрық, медициналық қызмет көрсету ақысы, лизингке медициналық қондырғылар алу тәрізді сұрақтар қаралды.

Холлда медициналық техника және дәрілік препараттар өндіруші фирмалардың қатысуымен медициналық көрме ұйымдастырылды.

2 шілде күні «Думан» қонақ үй кешеніндеСъез өз жұмысын жалғастырды. Басым бөлігі шет ел мамандарына тиесілі жалпы саны 18 баяндама тыңдалды. Интернет желісі бойынша Ресей ғылыми медициналық Академиясының Н.Н. Бурденко атындағы Ғылыми зерттеу институтының операциялық залымен тікелей байланыс орнатылды. Съез делегаттары on-line режимінде эндоскопиялық операциялар көрді.

Емделушілерге шет елден келген жетекші мамандар кеңестер өткізді.

Шараның соңында Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының халықаралық қатысумен болған 2-ші Съезінің резолюциясы қабылданды, онда Қазақстан Республикасындағы нейрохирургияның қазіргі заманғы даму тұжырымдамасы туралы пікірлері айқындалды.

«Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталығы» АҚ Ғылыми кеңесінің шешімімен Ресей ғылыми медициналық Академиясының Н.Н. Бурденко атындағы Ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, академик Леонид Болеславович Лихтерманға және Аймақтық клиника профессоры Ганновер Михаэл Гаабқа Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталығының құрметті профессорлары атағы берілді, осыған сай диплом мен мантия салтанатты түрде табыс етілді. Сонымен қатар Қазақ нейрохирургтар Ассоциациясының құрметті мүшесі дипломы Еуропа нейрохирургтар Ассоциациясының президенті профессор Владимиру Бенеш пен нейрохирург дәрігер Кенжекей Шураеваға табыс етілді.

Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының халықаралық қатысумен болған 2-ші Съезінің қысқаша қорытындысы:

Қатысқан делегаттар саны: 253

Оның ішінде шет елдерден: 36

Тыңдалған баяндамалар саны: 36

Оның ішінде шет ел мамандарының баяндамалары: 22

Өткізілген операциялар саны: 7

Шығарылған жинақтар саны: 1

65 тезис және 12 мақала жарияланды.

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының халықаралық қатысумен болған 2-ші Съезі өзінің өткізілу мақсаттарына жетті, атап айтқанда Қазақстан Республикасының бас қаласы Астанада алыс, жақын шет елдердің нейрохирургтарының басын қосып, қазіргі таңдағы отандық нейрохирургиялық жағдайды талқылау, оның басты даму бағыттарын айқындау, сонымен қатар халықаралық байланысты бекітіп, белгілі шет ел клиникаларымен тәжірибе алмасу. Съез ғылыми-тәжірибелік сипатта өткендіктен, ғылыми тиімділігінен басқа, қазақстандық емделушілерге жекелеген нейрохирургиялық мәселелерін шешуде тәжірибелік көмек көрсетілді.a