Академик А.Н. Коновалов атындағы ғылыми-ақпараттық орталық

2012 жылы халықаралық қатысумен болған Қазақстан нейрохирургтары ІІ Съезды аясында Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталықта Ғылыми-ақпараттық орталығы ашылды. Аталмыш Орталыққа атақты нейрохирург, әлемге әйгілі ғалым, РАМН нейрохирургия ғылыми зерттеу институтының директоры, академик Александр Николаевич Коноваловтың аты берілді.

А.Н. Коновалов атындағы ғылыми ақпараттық орталығы заман талабына сай кітапхана форматында жабдықталған. Оның міндеттеріне Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы мамандарының интеллектуалдық мүмкіндіктерін жетілдіру, ақпараттық қор жинағын көбейту, сонымен қатар тұтынушылардың сұранысына сай жаңа сапалы кітапханалық қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру.

Ғылыми-ақпараттық орталықта шамамен 500 дана кітап бар, оның 100 данасы өткен және үстіміздегі жылдары сатып алынған. Негізінен бұл кітаптар нейрохирургия, неврология салалары бойынша жетекші баспаханалардың әдебиеттері ретінде жинақталған, одан бөлек нейрохирургия бойынша шетелдік және отандық журналдар мен газеттерге жазылу мүмкіндігі бар. Ғылыми ақпараттық орталық шетелдердің ірі электрондық, ақпараттық өнімін өндірушілердің ақпараттар қорына онлайн арқылы қол жеткізу мүмкіндігіне ие, оның ішінде журнал материалдары, газет мақалалары, жаңалықтар лентасы, электроды кітаптар, конференция материалдары. А.Н. Коновалов атындағы ғылыми ақпараттық орталықтың ұсынатын қызметі аясын орталық мамандарының барлығы қолдана алады:дәрігерлер, ғылыми қызметкерлер, орта медициналық персонал, сонымен қатар резиденттер, курсанттар. Бұл өзекті ақпараттарды іздеу деңгейін жаңа белеске көтеріп, ғылыми зеттеулер сапасын арттырудың шешуші факторы болады.