Резидентура

"РНХҒО" АҚ "Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы" мамандығы бойынша резидент-стажёрлар оқытылады. Оқыту мерзімі - 4 жыл.

Даярлық ҚР ДСМ 29.07.2009 ж. № 387 бұйрығымен бекітілген және өз күшіне енген резидентура бойынша Мемлекеттік білім беру стандарты мен ҚР ДСМ 23.11.2010 ж. № 916 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасына са жүргізіледі. Резидентураға даярлықтың оқу-әдістемелік құжаттары 27.04.2010 ж. "ҚР Резидентура бойынша даярлық жүргізетін ұйымдардағы оқу-әдістемелік құжаттар әзірлемесі туралы" № 8 Инструктивті хатына сай жасалады. Әрбір пәнді аяқтаған соң резидент білімі тексеріледі. Ауызша немесе тестілеу нәтижелері емтихан ведомостері мен резиденттің сынақ кітапшасында белгіленеді. Қорытынды ретінде резидент жасалған жұмыстар туралы есеп береді.

Барлық сұрақтар бойынша берілген байланыс телефондарымен хабарласуға болады Тел.: 8 (7172) 49-76-45, 51-17-43 (факс).