Кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру

2007 жылдың 27 маусымындағы ҚР "Білім туралы" Заңына сай, 2012 жылдың 10 маусымында оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сай және 2009 ж. 4 тамызындағы ҚР Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Бірегей Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің атқаратын шаралар жоспарын бекіту туралы" № 1174 Қаулысын жүзеге асыру барысында халыққа қол жетімді жоғары мамандырылған көмек көрсетуді қамтамасыз ету және медицинаның соңғы жетістіктерін денсаулық сақтау жүйесі тәжірибесіне енгізу мақсатында "РНХҒО" АҚ "нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы" мамандығы бойынша қайта даярлау циклын өткізеді. Сонымен қатар нейрохирургияның өзекті мәселелері мен мамандардың талаптарына орайластырылған, денсаулық сақтау жүйесі мамандарының үздіксіз кәсіби білім алу жүйесінің модульді-жинақтаушы қағидасын есепке ала отырып біліктілікті көтеру циклы өткізіледі.

Цикл тыңдаушыларының даярлығы ҚР ДСМ 26.11.2009 ж. № 778 бұйрығымен, ҚР ДСМ 26.01.2012 ж. № 51 бұйрығымен бекітілген және күшіне енген ҚР қосымша білім беру Мемлекеттік стандарттарына және ҚР ДСМ 23.11.2010 ж. бекітілген типтік оқу бағдарламасына сай жүргізіледі. Резентурадағы оқу-әдістемелік құжат 27.04.2010 ж. № 9 "Қосымша медициналық және фармацевттік білі баратін факультеттерде, білім беру ұйымдарында" Инструктивті хатына сай жүргізіледі.

Оқыту түрлері:

1.«Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы» мамандығы бойынша қайта даярлау циклы

2. Біліктілігін көтеру циклы:

1. «Жұлын және омыртқа зақымданулары және аурулары»

2. «Нейрохирургиядағы инновациялық технологиялар»

3. «Балалардағы нейрохирургиялық ауруларының қазіргі диагностикасы мен емдеу әдістері»

4. «Нейрореаниматология және нейроанестезиология негіздері»

5. «Орталық және шеткі жүйке жүйесі жарақаттарының диагностикасы, жедел көмек және хирургиялық емдеу әдістері».

Оқыту ұзақтығы және баға прейскуранты

Оқыту ұзақтығы

Сағат саны

Оқыту құны

1

Біліктілігін көтеру циклы

108 сағат

66 018 теңге

2

Қайта даярлау циклы

1080 сағат\ 20 апта

365 820 теңге

Циклға жазылу үшін "РНХҒО" АҚ Басқарма Төрағасы м.ғ.д. профессор Ақшолақов Серік Қуандықұлына мамандығы, циклдың атауы, мерзімі және циклдан өтетін маманның А.Ж.Ә. көрсетілген ұсыным жіберіледі. Барлық келіп түскен ұсынымдар қаралады және қанағаттандырылады.

Біліктілігін көтеру және қайта даярлау циклынан өту үшін қажетті құжаттар:

1. Жұмыс орнынан ұсыным (тыңдаушы өз қаржысы есебінен оқыған жағдайда тыңдаушының атынан "РНХҒО" АҚ Басқарма Төрағасы м.ғ.д. профессор Ақшолақов Серік Қуандықұлына арыз).

2. Диплом көшірмесі.

3. Жеке бас куәлігінің көшірмесі.

4. Маман сертификаты.

5. Соңғы жылдары өткен біліктілігін көтеру туралы куәліктердің көшірмелері.

6. Жұмыс орнынан оқуға жіберілгендігі туралы бұйрық.

7. Санитарлық кітапша.

8.Медициналық халат, хирургиялық костюм және ауыстырмалы былғары аяқ киім.

Тәжірибелік дағдыны меңгеру сапасы оқытудың барлық кезеңдерінде жүйелі түрде бақыланады, курсты бітірген мамандарға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар беріледі.

Бөлім бастығы – м.ғ.к. доцент Ақшолақова Баян Төлеуовна.

Барлық сұрақтар бойынша берілген байланыс телефондарымен хабарласуға болады Тел.: 8 (7172) 49-76-45, 51-17-43 (факс).