Білім
«РҒНХО» АҚ Білім бөлімі 2008 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс жасап келеді және ҚР денсауық сақтау жүйесіне жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, олардың жұмысын ұйымдастыру мақсатында жұмыс жасап келеді. Білім бөлімінде жаңа медициналық технология мен ғылыми жетістіктердің қарқынды дамуына орай оқу әдістемелік құжаттарын үнемі жаңартып отыру мақсатында үздіксіз жұмыс жүргізілуде. Басты назар диагностиканың жаңа әрі күрделі түрлерін меңгеруге, қазіргі аппаратура мен инструментариледі қолдану мен соңғы медициналық жетістіктерді игеріп отыруға аударылады. Компьютерлік бақылау мен оқыту енгізілген, оқытудың техникалық жабдықтары, тақырыптық көркем, бейне фильмдер, операциялық блоктарда өткен операциялардың бейнетрансляциялары көрсетіледі. Оқыту кәсіби тәжірибелік сабақтарда мен өндірістік тәжірибеде дағдыны меңгеруге бағытталған. Алыс-жақын шетелдерден жетекші мамандар шақырылып, шеберлік сабақтары берілді.
Тәжірибелік дағдыны меңгеру сапасы оқытудың барлық кезеңдерінде жүйелі түрде бақыланады, курсты бітірген мамандарға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар беріледі.
Бөлім бастығы – м.ғ.к. доцент Ақшолақова Баян Төлеуовна.
Барлық сұрақтар бойынша берілген байланыс телефондарымен хабарласуға болады Тел.: 8 (7172) 49-76-45, 51-17-43 (факс).