Ұлттық нейрохирургия орталығында «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты онлайн конкурс өткізілді

дүйсенбі,  28  Сентябрь  2020

                                      Ұлттық нейрохирургия орталығында «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты онлайн конкурс өткізілді

   2020 жылғы 17-25 қыркүйек аралығында Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімімен «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында онлайн форматта конкурс ұйымдастырылды.
                «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
                  Қиыннан қиыстырар ер данасы.
                  Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
                 Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» дегендей, атаулы конкурс Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне және ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткізілді. Конкурс орталықтың қызметкерлері арасында өтті, онда Абай шығармалары насихатталып, оның өлеңдері, әндері, қара сөздері оқылды.
     Конкурсқа 14 үміткер қатысып, солардың арасынан үш жүлдегер анықталды:
1-ші орын - дәрігер-резидент Зейнегалиева Ақжарқын,
2-ші орын - Госпитальдық қызмет көрсету секторының меңгерушісі Зейдуллаев Ербол,
3-ші орын - Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің мейіргері Нұрбаева Арайлым.
    Жүлдегерлер мен сайысқа қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.
    Конкурсқа қатысқандарға алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыстар мен үлкен жетістіктер тілейміз!


тiзiмге қайтару