24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен Ұлттық нейрохирургия орталығына келді

бейсенбі,  24  Сентябрь  2020

   24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен Ұлттық нейрохирургия орталығына келді.
  Сапар барысында министрге Орталық қызметінің нәтижелері туралы таныстырылды. Он екі жыл ішінде Орталық дәрігерлері 32 мыңнан астам операция жасап, 70-ке жуық жаңа нейрохирургиялық технологияларды енгізді, олардың көмегімен Орталық дәрігерлері ең ауыр науқастарды, оның ішінде балаларды аяққа тұрғызды.
   Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Орталықтың диагностикалық және клиникалық бөлімшелерінің жұмысымен танысып, жас мамандармен бейресми кездесу өткізді. Бұдан басқа, Министрге симуляторларда оқыту курстарын өткізу үшін құрылған тренингтік орталық және ми глиомаларын зерттеу бойынша ғылыми жоба шеңберінде құрылған Орталық жанындағы биобанктің жұмысы көрсетілді.
  Сондай-ақ, Министр Трансфузиология бөлімшесінде болды, бөлімшенің ерекшелігі трансфузиология көмегін орталықтандыру болып табылады. Осы бөлімшенің мамандары өздерінің негізгі жұмысынан басқа, қан үнемдеуші технологиялар: аутоэритроциттердің интраоперациялық аппараттық реинфузиясы, гемостазды интегралды бағалау – тромбоэластография сияқты бірегей эксперименттік әзірлемелер жүргізуде.
  Госпитальдық фармация бөлімшесінде Министрге емдеудің тиімділігін және дәрілік заттарды пайдаланудың ұтымдылығын арттыруға мүмкіндік берген қолданысқа енгізілген технологияның нәтижелері туралы айтылды.
  Бұдан кейін Денсаулық сақтау министрі Ррадиология бөлімшесінде болып, онда ангиографиялық операциялық бөлменің жұмысымен және гамма-пышақ жұмыс істейтін жеке блок құрылысының барысымен танысты.
  Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Цой Орталықтың жұмыс деңгейін жоғары бағалап, ұжымға атқарып отырған жұмыстарына үлкен табыстар тіледі.


тiзiмге қайтару