Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметкерлері «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

жұма,  28  Август  2020

   Бүгін Нейрохирургия орталығында мемлекеттік мереке – Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Орталық қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
    Салтанатты түрде "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен Ішкі аудит қызметінің жетекшісі Наталья Борисовна Макашева, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау секторының меңгерушісі Жарас Қасымбекұлы Абилхадиров және Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Баян Сильханқызы Нурканова марапатталды.
   «ҰҒО» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Қуандықұлы жиналғандарды мерекемен құттықтап, Конституция — біздің мемлекеттілігіміздің негізі, қазақстандықтардың ерік-жігерін, құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және Тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктер еліміздің Негізгі Заңы шеңберінде жүзеге асырылғанын атап өтті. Сондай-ақ әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтап, оларға зор денсаулық, бейбітшілік, табыс және жаңа жетістіктер тіледі!
     Құрметті әріптестер, келе жатқан мереке құтты болсын! Еліміз бен азаматтарымыз үшін аса маңызды осы мерекеде барлығыңызға амандық, отбасылық бақыт, сәттілік және еліміздің жарқын болашағына сенімділік тілейміз!


тiзiмге қайтару