Ұлттық нейрохирургия орталығында түлектерге резидентураны бітіргені туралы куәліктер тапсырылды

жұма,  24  Июль  2020

   Бүгін, 24 шілдеде, карантин кезеңін, сондай-ақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ескере отырып, Ұлттық нейрохирургия орталығында «Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы» (2016-2020 жж.) мамандығы бойынша түлектерге резидентураны бітіргені туралы куәліктер тапсырылды.
   «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Стратегия және ғылым жөніндегі директоры Асхат Зинешович Бралов және Медициналық директордың орынбасары Асылбек Бактбекович Калиев түлектерді резидентураның аяқталуымен құттықтап, жас мамандарға тілектерін жеткізді. Орталық басшылығы өз құттықтауларында түлектерге клиника қабырғаларында алған білімнің барлығын жүзеге асыруға, ал кәсіби жолдары жемісті әрі табысты болуға тілек білдірді.
   Бүгінгі күні «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ қабырғасында 47 резидент, оның ішінде «Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы» мамандығы бойынша - 38 маман, «Невропатология, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша - 9 маман білім алды. Бүгінгі таңда жас мамандар «ҰНО» АҚ резидентура бағдарламасының тоғызыншы бақытты шығарылымы болып табылады.
    «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да 2008 жылдан бастап нейрохирургия және неврология саласында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесі үшін қазіргі заманғы, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау жүзеге асырылуда. Пациенттерді диагностикалау мен хирургиялық емдеудің жаңа және күрделі әдістеріне, заманауи жабдықтар мен құралдарды, соңғы медициналық жетістіктерді меңгеруге көп көңіл бөлінеді.
      Ұлттық нейрохирургия орталығы түлектерді резидентураның сәтті аяқтауымен құттықтайды және зор денсаулық пен жұмыста табыс тілейді!


тiзiмге қайтару