«ҰНО» АҚ 2020-2021 оқу жылына резидентураға келесі резидентура мамандықтары бойынша қабылдау жүргізеді

жұма,  10  Июль  2020

Құрметті үміткерлер!

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ 2020-2021 оқу жылына резидентураға келесі резидентура мамандықтары бойынша қабылдау жүргізеді:
«Нейрохирургия, оның ішінде балалар»,
«Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы»
Өтініштерді қабылдау -2020 жылдың 3-24 шілде аралығында.
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ резидентурасында оқуға онлайн өтінім беру мүмкіндік бар
http://www.neuroclinic.kz/for_specialists/Education/online
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ резидентурасына түсетін тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:
1) Қоғамның Басқарма Төрағасының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) түйіндеме;
6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
7) еңбек кітапшасының көшірмесі;
8)086-У нысанындағы медициналық анықтама;
9) неке туралы куәлік (тегі өзгерген жағдайда):
10) бас дәрігерден, ұйым басшысынан/кафедра меңгерушісінен, деканнан соңғы жұмыс/ оқу орнынан ұсыным хат;
11) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
12) ақылы білім беру қызметтеріне бекітілген прейскурантқа сәйкес резидентураға құжаттарды қабылдау үшін төлем туралы түбіртек (4000 тг).
13) ағылшын тілінен тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (Test of English as a Foreign Language Institutional testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 150 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 39 балл), (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 426 балл), test of English as a foreign language paper-delivered testing (TOEFL PDT – шекті балл – кемінде 56), International English language tests system (IELTS, шекті балл – кемінде 5.0) (болған жағдайда).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге оқуға түсушінің қатысуымен жүргізілетін салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады (интернатураны бітіргені туралы куәліктің түпнұсқасынан басқа).
Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда үміткердің өтініші қаралмайды.
Қабылдау сұрақтары бойынша Білім беру бөліміне хабарласыңыз: ☎️8(7172) 62-11-02, 62-10-89
Қабылдау ережелері, құжаттар тізімі туралы барлық ақпаратты, емтихандардың болжамды сұрақтарын біздің сайттан таба аласыз. http://www.neuroclinic.kz/for_specialists/Education/rezidentrura/postuplenie-v-rezidenturu/
Сонымен қатар, 25 тамыздан кешіктірмей міндетті түрде тапсырылуы тиіс:
• мекенжай анықтамасы
• сотталмағандығы туралы анықтама
• әскери билеттің көшірмесі (ХҚКО-нан өтінім беру туралы анықтама)
• өмірбаян
• кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ
• келісім-шарт жасасуға және оқу шығындарын төлеуге кепілдік беретін хат (резидентураға ақылы негізде түсушілер үшін қандай да бір мекеме оқу ақысын төлеген жағдайда).

тiзiмге қайтару