Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымын орталықтың негізі қаланған күннен бастап 12 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!

жұма,  3  Июль  2020

           Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымын орталықтың негізі қаланған күннен бастап 12 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!
        Бүгінде клиника - нейрохирургия саласындағы бүкіл әлемге танылған алдыңғы қатарлы ғылыми және клиникалық орталық. Жыл сайын емдеудің бірегей әдістері енгізіліп, үлкен жұмыстар атқарылады. Бірақ ұжымның ең басты жетістігі - бұл ондаған мың құтқарылған адам өмірі.
         Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, алтын қолдарыңыз және жоғары кәсібиліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз! Орталықтың ұжымын осы атаулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз толыққанды өмір сыйлаған пациенттердің қуанышты жүздері сіздерді әрдайым алға жетелей берсін. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!


тiзiмге қайтару