Орталыққа келушілерге және пациенттердің туыстарына арналған хабарландыру

дүйсенбі,  16  Март  2020

     Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты, Орталықта мынадай шаралар қабылдануда:
   Пациенттерге келу уақытша тоқтатылды. Егер Сізде қандай да бір сұрақтар туындаса және заттарды беру қажет болса, Орталықтың персоналымен хабарласуыңыз қажет.
     Клиникаға кіре берісте қашықтан өлшенетін термометрдің көмегімен дене қызуы тексеріледі.
   Дене қызуы бар келушілер анықталған кезде, пациент эпидемиологиялық анамнез жинау үшін фильтр - кабинетке жіберілетін болады, эпидемиологиялық анамнезде:
     - соңғы 14 күн ішінде COVID -2019 инфекциясы бар елдерде болған (санаттары бойынша күн сайын жаңартылып отыратын);
     - СОVID -2019 бақылауындағы адамдармен соңғы 14 күн ішінде тығыз байланыстардың болуы, кейіннен ауырған адамдар;
     -соңғы 14 күн ішінде COVID -2019 диагнозы зертханалық зерттеулермен расталған адамдармен тығыз байланыстардың болуы;
     - COVID -2019 жағдайы тіркелген медициналық ұйымға бару.

   Дәрігердің қабылдауына Call-орталық арқылы жазылғанда, жоғарыда аталған жағдайларға байланысты денсаулығына қатысты шағымдардың бар жоқтығы сұралады. Шағымдар болған жағдайда, дәрігер қабылдауына жазылуды кейінге басқа күнге қалдыру ұсынылады!


тiзiмге қайтару