Елордалық нейрохирургтар Нұр-сұлтан қаласы тұрғынының алып ісігін бірде бір тілік салмай алып тастады

бейсенбі,  5  Март  2020

     Ұлттық нейрохирургия орталығында 3D бейномониторингісі бар эндоскоптың көмегімен ми ісігін бірыңғай тіліксіз алып тастау бойынша бірегей операция жасалды.
     36 жастағы Самал нейрохирургия орталығына денсаулық жағдайына байланысты шағымданды. Пациентті жиі бас ауруы, көрудің бұзылуы, бет сызықтарының қыртысы, білезік пен табанның ірілеуі, буындар мен омыртқаның зақымдануы алаңдатты. Нейрохирургия орталығының орталық жүйке жүйесінің паталогиясы бөлімшесінің дәрігерлері жоғарыда аталған барлық симптомдарды тудырған үлкен гипофиз аденомы, акромегалия диагнозын қойды.
   Пациентке ісікті 3D – эндоскопиялық трансназальді алып тастау операциясы жасалды. Орталық жүйке жүйесінің паталогиясы бөлімшесінің нейрохирургы Данияр Тельтаевтың айтуынша, 3D эндоскоп технологиясының артықшылығы операциялық шолу аймағын ұлғайту мүмкіндігі болып табылады, осылайша, операция сапасын арттыру және ісікті жоюға болады.
  Эндоскопиялық трансназальды транссфеноидальды ену әдісі гипофиз аденомы және мидың басқа да ісіктерін (хордомалар, краниофарингиомалар, менингиомалар және т.б. ) жою кезінде кіші инвазиялық жоғары технологиялық ену әдісі болып табылады.
    Операция сәтті өтті, ісік толығымен жойылды. Пациент бүгінгі күні жағдайы жақсарып, шығуға дайындалуда. Операцияны 15 жылдан астам практикалық жұмыс өтілі бар өз саласының мамандары жүргізді, атап айтқанда: жоғары біліктілік санаты бар нейрохирург - Тельтаев Данияр Керимкулович және Мустафин Халит Абдумажитович.
     Қазақстанда және ТМД елдері аумағында алғаш рет ми ісіктерінің 3D – эндоскопиялық трансназальді хирургиясы 2017 жылы нейрохирургия орталығының тәжірибесіне енгізілгендігін айта кету керек. Бүгінгі күні 3D эндоскоптың көмегімен нейрохирургия орталығының қабырғасында 15 операция жасалды. Эндоскопиялық трансназальды операциялар гипофиз аденомы және басқа да ісіктерді алып тастау нейрохирургия орталығында 2008 жылдан бастап жүргізіледі. Қазіргі уақытта 1000-нан астам операция жасалды.
    Мұндай араласулар кезінде қолайлы нәтиже алу мүмкіндігіне заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтары бар жоғары мамандандырылған орталықтарда, микрохирургиялық және эндоваскулярлық әдістемеге, сондай-ақ олардың арасындағы үйлесімді жұмыс істеуге ие мамандардың болуымен ғана қол жеткізуге болады.


тiзiмге қайтару