Ұлттық нейрохирургия орталығына Татарстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық балалар клиникалық ауруханасынан делегация келді

бейсенбі,  6  Февраль  2020

Ұлттық нейрохирургия орталығына Татарстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық балалар клиникалық ауруханасынан делегация келді

    Бүгін екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сонымен қатар балалар денсаулығын сақтау саласында тәжірибе алмасу мақсатында Ұлттық нейрохирургия орталығына Татарстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық балалар клиникалық ауруханасының мамандары келді.
     Делегация құрамында Татарстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің халықаралық қарым-қатынастарды дамыту бойынша жобалық кеңсе басшысы, бас дәрігердің саланы дамыту бойынша орынбасары Алла Гумерова, бас дәрігердің хирургиялық көмек көрсету бойынша орынбасары, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Татарстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар хирургі Владимир Филатов, кардиохирургиялық қызмет басшысы, м.ғ.к., Татарстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Денис Петрушенко, Татарстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ДРКБ неонтальды хирургия қызметінің басшысы Андрей Подшивалин келді.
      Іссапар аясында делегация мүшелері балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің жұмысымен танысты, мұнда жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден аса кішкентай пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.
       Бұдан өзге, қонақтар госпитальдық фармация, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің жұмысы, сонымен қатар медицина ғылымындағы жетістіктердің Нейрохирургия орталығының тәжірибесінде қолданылуы таныстырылды.
     Кездесу соңында ҚР ДСМ «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ мен «Татарстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық балалар клиникалық ауруханасы» МАДБ арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі болды. Меморандумдарға қол қою клиникалық, ғылым және білім беру жобаларында әріптестікті нығайтады және екі елдің медицина ұйымдары арасындағы халықаралық қатынастарды дамытуға оңтайлы жағдайлар туғызатындығын айтып өткен жөн.
        Татарстаннан келген қонақтар Ұлттық нейрохирургия орталығының заманауи жабдықталуына жоғары баға берді және дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейін атап өтті, сонымен қатар Орталыққа одан ары өркендеу, табыс тіледі.


тiзiмге қайтару