Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы қоғамдық челленджге қосылып, қар жинауға шықты

жексенбі,  26  Январь  2020

   

     Бүгін, жексенбі күні нейрохирургия орталығының ұжымы клиникаға іргелес аумақтағы және одан тыс жерлердегі қарды жинауға шықты. Осылайша, астаналық «Біз біргеміз!» челленджіне дәрігерлер де қосылды.
     Қар тазалау акциясына 50-ден астам адам қатысты, олар - клиникалық бөлімшелердің меңгерушілері, дәрігерлер, мейіргерлер, клиника әкімшілігі.
      «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, профессор Серік Ақшолақов атап өткендей, осындай игі және пайдалы акциялар адамдарды достастырады және біріктіреді. Мұндай күндері барлық коммуналдық қызметтерге және аула тазалаушыларға да көмек көрсету керек. Сонымен қатар, қар тазалау – бұл таза ауада толық дене жаттығуы болып табылады, бұл да біздің денсаулығымызға оң әсерін тигізеді.
      Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, бұған дейін аталмыш акцияны әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласының жастары іске қосты, одан әрі эстафета қағидасы бойынша қазақстандық шоумен Тұрсынбек Қабатов басқарды, одан кейін эстафетаға тележүргізушілер, журналистер мен елорда тұрғындары қосылды.


тiзiмге қайтару