Ұлттық нейрохирургия орталығы кезекті ұлттық аккредиттеуден өтті
жұма, 20 Декабрь 2024
9-11 желтоқсан аралығында Ұлттық нейрохирургия орталығында ұлттық қайта аккредиттеу өтті, ол үш жылда бір рет өткізіледі. Аталған күндері Ұлттық нейрохирургия орталығында комиссия медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігінің деңгейін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын, медицина қызметкерлерінің бірыңғай біліктілік талаптарына сәйкестігін тексерді.
Алынған нәтижелер мен пайыздық критерийлерге сәйкес аккредиттеу комиссиясы Ұлттық нейрохирургия орталығына аккредиттеудің жоғары санатын беру туралы шешім қабылдады. Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығы бесінші қайта аккредиттеуден өтті және емдеудің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына, сондай-ақ қазақстандықтарға елден шықпай-ақ жоғары білікті медициналық қызметтер алуға мүмкіндік беруге бағдарланғанын тағы да растады.Орталық ұжымын кезекті жеңісімен құттықтаймыз және Ұлттық нейрохирургия орталығының әрбір қызметкеріне жұмыста табыс, өркендеу мен амандық тілейміз.