Ұлттық нейрохирургия орталығының базасында ишемиялық инсульт кезінде тромбэктомия бойынша практикалық семинар ұйымдастырылып, өткізілді
сейсенбі, 17 Декабрь 2024
Ұлттық нейрохирургия орталығының базасында Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Ербол Махамбетовтың жетекшілігімен ишемиялық инсульт кезінде тромбэктомия бойынша практикалық семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Ишемиялық инсульт-Қазақстан халқы зардап шегетін ең көп таралған аурулардың бірі. Әлемдік статистикаға сәйкес, жыл сайын 12,2 миллионнан астам адам инсульт алады. Бұл ауру бүкіл әлем бойынша аурушаңдық, өлім-жітім және мүгедектік бойынша жетекші орын алады.
Тромбэктомия-ишемиялық инсультті емдеудің маңызды хирургиялық әдісі. Мамандар инсульт кезінде медициналық көмек көрсету уақыты емдеудің сәтті нәтижесі үшін өте маңызды екенін атап айтады. Семинар барысында нейровизуализациялық диагностикасының, тромболиялық терапияның негізгі аспектілері талқыланды.
Семинар бағдарламасына инсульт кезіндегі нейровизуализация, күрделі доғаның катетеризациясы, жүйелік тромболиз және тромбэктомия техникасына қатысты тақырыптар кірді. Сондай-ақ, модельде симуляциялық жұмыстар жүргізілді, бұл қатысушыларға практикалық дағдыларды пысықтауға мүмкіндік берді. Ми қанайналымы бұзылған пациенттерге көмек көрсету кезінде нейрохирургия мен неврологиядағы заманауи жетістіктер мен емдеу әдістеріне ерекше назар аударылды.
Семинарға 50-ден астам маман қатысты, олардың арасында Астана қаласының нейрохирургтары, неврологтары мен рентгенхирургтары бар.