Жаңа жыл қарсаңында ҰНО өткен жылдың қорытындысын шығарып, салтанатты жағдайда үздік қызметкерлерді марапаттады
сәрсенбі, 25 Декабрь 2024
Жаңа жыл қарсаңында ҰНО өткен жылдың қорытындысын шығарып, салтанатты жағдайда үздік қызметкерлерді марапаттады.
«ҰНО» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақов 2024 жылдың қорытындысы бойынша қызметтегі жоғары жетістіктері мен өз міндеттерін адал орындағаны және жоғары кәсібилігі үшін Орталықтың үздік қызметкерлерін марапаттады.
Осылайша, орталық қызметінің қорытындысы бойынша келесі марапаттар берілді:
«2024 жылдың үздік бөлімшесі» – Нейрооңалту бөлімшесі», «2024 жылдың үздік дәрігері» - Трансфузиология бөлімшесінің трансфузиолог дәрігері Ербол Қуанышев», «2024 жылдың үздік мейіргері» - Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің пост мейіргері Нұргүл Әлімбетова, «2024 жылдың үздік кіші персоналы» - Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің санитары Баян Әлиева, «2024 жылдың үздік маманы» - Адами ресурстарды басқару және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы Райхан Ишанова.
Орталықтың келесі қызметкерлері «ҰНО» АҚ Басқарма төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталды:
• Әлия Бергенева физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің физиотерапевт дәрігері;
• Нарша Мағпар трансфузиология бөлімшесінің кезекші мейіргері;
• Арайлым Балқаш нейрооңалту бөлімшесінің пост мейіргері;
• Толқын Жағапарова анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары;
• Әйгерім Нұрлан бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы.
Алғыс хаттарды келесі қызметкерлер алды:
• Валентина Ямковая консультативтік-диагностикалық бөлімшенің невролог дәрігері;
• Анар Жұмақанова анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің анестезист-мейіргері;
• Жанар Балташева балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің пациенттердің күтімі бойынша санитар;
• Баян Мұқанова консультативтік-диагностикалық бөлімшенің санитары;
• Бахтияр Сыздықбаев шаруашылық сервистік қызметтің технологиялық слесарі
Барлық үміткерлерге естелік және ақшалай сыйлықтар берілді.
Құрметті әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және өмірде жаңа жеңістер, жұмыста табыс, отбасылық бақыт пен амандық тілейміз! Жаңа жыл құтты болсын!