Ресей Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко жұмыс сапарымен Ұлттық нейрохирургия орталығына келді
сәрсенбі, 27 Ноябрь 2024
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығына РФ Денсаулық сақтау министрі Мурашко Михаил Альбертович, РФ Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Викторович Кузнецов, РФ ДСМ халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Дарья Олеговна Шимановская және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында Ресейден келген делегация Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметімен, клиникалық бөлімшелердің, «Гамма-пышақ» қондырғысы жұмыс істейтін радиология және радиохирургия бөлімшелерінің жұмысымен танысты, пациенттерді емдеудегі Нейрохирургия орталығының жетістіктері көрсетілді.
Сондай-ақ, тараптар «ҰНО» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету және кадрлық қамтамасыз ету сапасы бойынша бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Кездесу соңында Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Орталықтың жұмысы мен материалдық жабдықталуын жоғары бағалап, Орталық ұжымына өркендеу мен толағай табыстар тіледі.