ҰНО-да «Бүгінгі госпитальдық фармация. Қазіргі жай-күйі мен мүмкіндіктері ІІ ғылыми-практикалық конференция өтті
бейсенбі, 31 Октябрь 2024
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының базасында «Бүгінгі госпитальдық фармация. Қазіргі жай-күйі мен мүмкіндіктері ІІ ғылыми-практикалық конференция өтті.
Госпитальдық фармация конференциясы – бұл практикалық денсаулық сақтау саласындағы мамандардың госпитальдық фармация, денсаулық сақтауды цифрландыру, дәрілік заттарды таңбалау, медициналық ақпараттық жүйелердің өкілдері кездесетін орын. Бүгін заманауи госпитальдық фармацияны ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды, өз саласының мамандары дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқару тәжірибесімен бөлісті.
Конференцияның ашылуына: А.Ж.Кенжеханова– ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а., С. Қ. Ақшолаков – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, Г. У. Құлкаева– «Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасы, Р.С.Күзденбаева - ҚР ДСМ МжФБК «ДЗмМБ СҰО» Ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі.
Конференцияға офлайн режимде 70-тен астам қатысушы, сондай-ақ 600-ден астам тыңдаушы онлайн форматта қатысты, бұл осы бағыттың өзектілігін көрсетеді.
Конференция бағдарламасы барысында орталықтандырылған госпитальдық фармацияны енгізудің маңызды мәселелері талқыланды, бұл пациентке бағдарланған, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың дербестендірілген моделі және елімізде табысты қолданылатын серпінді медицина жобалардың бірі.
Орталықтандырылған госпитальдық фармацияның бұл моделі ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып Ұлттық нейрохирургия орталығының базасында Госпитальдық фармация бөлімшесінде енгізілгенін айта кету керек. Госпитальдық фармация бөлімшесінің бастығы, ҰНО профессоры Айгүл Төлепбергеновамен Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден астам маман оқытылды. Қазіргі уақытта дәрілік заттарды ұтымды пайдалану Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында енгізілген және белсенді қолданылады.