Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының атынан Жұмабаева Алтын Зурашқызы марапатталды

сәрсенбі,  23  Октябрь  2024

   Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының атынан денсаулық сақтау саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен «ҰНО» АҚ Мейіргер ісі  жөніндегі директоры Жұмабаева Алтын Зурашқызы марапатталды.

     Марапат «Мәңгі жаса, қыран елім – Қазақстан» атты салтанатты іс-шарада табысталды, марапатты Алтын Зурашқызына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова табыстады.

Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы мен ұжымы Алтын Зурашқызын жоғары наградасымен құттықтайды және оған  өз қызметінде табыс, бақыт және отбасына амандық тілейді.

    Алтын Зурашқызы бүкіл нейрохирургия орталығының орта және кіші медициналық персоналының қызметін үйлестіреді және бақылайды. Отыз жылдан астам уақыт бойы сүйікті мамандығына қызмет етіп келеді. ызмет етті. Алтын Зурашқызының ғылыми арсеналында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 5-тен астам ғылыми еңбегі мен монографиялары бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталған. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентімен «Шапағат» медалімен марапатталды, ол белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі үшін беріледі.

   Алтын Зурашқызының бастамасымен мейіргерлік басқарудың жаңа моделі құрылды, онда мейіргерлер дәрігерлік тағайындауларды орындаушылар ғана емес, сонымен қатар пациенттерге медициналық көмек көрсету процесінде дәрігерлердің тең құқылы серіктестері бола алады. Ол Америка мен Еуропаның халықаралық клиникаларының тәжірибесін қолдана отырып, мейіргерлік қызметті басқарудың заманауи моделін енгізді. Айта кету керек, Алтын Зурашқызының командадағы үйлесімді жұмысының, сондай – ақ Ұлттық нейрохирургия орталығы басшысының кәсіби деректерінің арқасында бүкіл әлемдегі медициналық мекемелердің жұмысын бағалаудың «алтын стандарты» болып табылатын JCI халықаралық стандартының аккредитациясынан төрт рет сәтті өткендігін атап айту керек.  Алтын Зурашқызы өзінің көп жылғы еңбегі, жоғары іскерлік және адами қасиеттері үшін әріптестері арасында үлкен құрметке ие болды.


тiзiмге қайтару