Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында Республика күнін мерекелеу қарсаңында Орталық қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті

бейсенбі,  24  Октябрь  2024

Отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін «Құрмет» орденімен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Мейіргер ісі жөніндегі директоры Жұмабаева Алтын Зурашқызы марапатталды.      

«Еңбек ардагері» медалімен Сапаны бақылау және тәуекелдерді басқару бөлімінің бас маманы Дәулет Көпжасарұлы Абаков марапатталды.

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің наградаларымен, атап айтқанда «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен Ішкі аудит қызметінің клиникалық аудиторы Альжаксина Гаухар Бейсембайқызы және  Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің анестезист-мейіргері Мусина Айгүл Әукенқызы  марапатталды.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен келесі қызметкерлер марапатталды:

1) Кушерова Жанат Алтынбекқызы- Кіші инвазиялық нейрохирургия бөлімшесінің аға мейіргері;

2) Серікпаева Алтынгүл Абылайқызы-Білім беру бөлімінің бастығы;

3) Қыстаубаев Бақытжан Айтбайұлы-Жоспарлы-экономикалық бөлімнің бастығы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды:

1) Сурдин Дмитрий Андреевич - Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері;

2) Көшербаева Айғаным Майрамбайқызы – Трансфузиология бөлімшесінің аға мейіргері;

3) Жаминова Ельмира Хамитқызы- Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатымен Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің шаруа бикесі Рахимжанова Сайран Хасенқызы және Сервистік – шаруашылық қызметтің бас маманы Елшибаев Тимирхан Манжарденұлы марапатталды.

«ҰНО» АҚ Басқарма төрағасы Серік Қуандықұлы Ақшолақов Орталық қызметкерлерін Республика күнімен құттықтап, еліміздің тарихында үлкен маңызға ие болған бұл күнді мерекелеудің маңыздылығын атап өтті. Барлық әріптестерінің отбасыларына амандық, елімізге сәттілік пен өркендеу тіледі.


тiзiмге қайтару