Нейрохирургия орталығының ардагерлері үшін Кәсіподақ комитеті ұйымдастырған мерекелік түскі ас өтті.

сейсенбі,  1  Октябрь  2024

    Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында Халықаралық қарттар күніне орай Нейрохирургия орталығының ардагерлері үшін Кәсіподақ комитеті ұйымдастырған мерекелік түскі ас өтті. 

Үлкен дастарханға 30-дан астам ардагер жиналды. Олардың арасында дәрігерлер, мейіргерлер, лайықты зейнет демалысында жүрген әкімшілік қызметкерлері мен әлі күнге дейін өздерінің кәсіби міндеттерін атқарып жүргендер де бар.
   Кәсіподақ комитетінің төрағасы Жанат Такенов алғысын айтып, ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларына амандық тіледі. Өз кезегінде ардагерлер да оларға көңіл бөлгендері және қамқорлық танытқандар үшін алғыстарын білдірді.


тiзiмге қайтару