Ұлттық нейрохирургия орталығында Паркинсон кезінде Робот-ассистент нейронавигациялық жүйені қолдана отырып операция жасалды.
сейсенбі, 1 Октябрь 2024
Стереотактикалық робот - ассистент 3 D нейронавигация - бұл нейрохирургиядағы жаңа әдіс. Инвазияның аздығымен және интраоперациялық 3 D навигациясын қолдана отырып, әдіс стереотактикалық жақтауды қолданбай процедураларды орындауға мүмкіндік береді, бұл пациенттің өзін жайлы сезінуін жақсартады және оның қалпына келуін тездетеді. Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Шыңғыс Нұрыманов атап өткендей роботтандырылған жүйе қолдың дірілдеуі немесе құралдарды енгізу бұрышын дұрыс бағаламау сияқты адам факторына байланысты қателіктер қаупін азайтады. «Бұл аппаратты Паркинсон ауруының тремор-доминантты түрі бар пациенттерде таламотомия кезінде де, электродтарды имплантациялау кезінде, биопсия жасау кезінде, үштік невралгия навигациясы кезінде, жұлын нейрохирургиялық араласуларында да қолдануға болады. Мұндай роботтық жүйенің артында егер жасанды интеллект жүйеге әлі де имплантацияланса және әрине, егер мұның бәрін адам басқаратын болса нейрохирургияның болашағы жатыр. Бұл жағдайда операция кезінде қателіктер ықтималдығын толығымен жоюға болады.»- деп бөлісті нейрохирург дәрігер Шыңғыс Нұриманов.
Қазіргі уақытта бұл әдіс біздің елімізде ғана енгізілуде және оны одан әрі енгізу және пайдалану үшін барлық тиісті заңнамалық рәсімдер дайындалуда.
Бұл операция Паркинсон ауруы бар науқасқа жасалды, дірілдейтін түрі 2 кезең, аурудың ұзақтығы 10 жылдан асқан. Науқастың операциясынан кейін тремор толығымен жойылды, қанағаттанарлық жағдайы жақсарған науқас амбулаториялық емге жіберілді.