Ұлттық нейрохирургия орталығында медицина мекемелерінде қазақ тілін үйрету мәселесі талқыланды

сәрсенбі,  2  Октябрь  2024

 Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында медицина қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту мәселелеріне арналған «Медицина мекемелерінде қазақ тілін үйрету мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Ұлттық нейрохирургия орталығының Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі.
Іс-шараны «ҰНО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қалиев Асылбек Бақытбекұлы құттықтау сөзімен ашты, ол бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік тілге көшуінің өзектілігін атап өтті, сондай-ақ Ұлттық нейрохирургия орталығында тіл саясатын дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Дөңгелек үстел модераторы, бөлім бастығы Абылхасанова Ельмира ҚР Мемлекеттік тіл саясатын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде медициналық салада мемлекеттік тілді қолданудың және оны насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының ведомстволық бағынысты ұйымдары оффлайн және онлайн форматта қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар медициналық мекемелерде мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелерін, қазақ тілінде медициналық терминдерді қалыптастыру жолдарын талқылады, сондай-ақ мемлекеттік тілде іс жүргізу кезіндегі мәселелерге қатысты тақырыптар көтерілді.
Іс-шараға қатысушылар денсаулық сақтау жүйесінде Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудағы жетістіктерімен және оң нәтижелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін қатысушыларға мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды, сондай-ақ аталған іс-шараға қатысушылар дөңгелек үстелдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтіп, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.



тiзiмге қайтару