«Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің қызметінен алынған синопсис» атты конференциясы өтті
жұма, 20 Сентябрь 2024
Бүгін, 20 қыркүйекте «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі мейіргер мамандар үшін «Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің қызметінен алынған синопсис» тақырыбында конференция ұйымдастырды.
Конференцияны «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Мейіргер ісіжөніндегі директор Жұмабаева Алтын Зурашқызы құттықтау сөзімен ашты. Содан кейін қатысушылардың баяндамалары басталды. Анестезиолог - реаниматолог Пратов Дильшот Донанбайұлы «Седацияны жүргізу ережелері» атты баяндамасын, сондай-ақ мейіргер Сарденов Өміртай Абзалұлы «Ауырсыну-шұғыл жағдай ретінде» атты баяндамасын оқыды.
Қорытынды сөзбен АРжҚТ бөлімшесінің меңгерушісі, «ҰНО» АҚ профессоры Нұрпейісов Айса Захарұлы сөз сөйлеп, АРжҚТБ - да қолданылатын қазіргі заманғы қарқынды терапия әдістемелерінің тәжірибесімен бөлісті.