Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының жаңа құрамына Серік Қуандықұлы Ақшолақов кірді.
сейсенбі, 27 Август 2024
Бүгін Алматыда «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерінің ғылыми жұртшылыққа ресми таныстырылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының жаңа құрамына «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Қуандықұлы Ақшолақов, сондай-ақ ғылымдағы үздік жетістіктері бар басқа да 8 ғалым кірді.
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, Қазақ нейрохирургтер қауымдастығының президенті Серік Қуандықұлы Ақшолақовтың 250-ден астам ғылыми жұмыстары, оның ішінде 13 монографиясы бар. 13 патенттің авторы. Оның басшылығымен келесі клиникалық бағыттар белсенді дамыды: микронейрохирургия; функционалды нейрохирургия; мидың қан тамырлары ауруларын емдеу; омыртқаның реконструктивті операциялары; нейромодуляция және нейронавигацияны қолдану; радиохирургия – Гамма-пышақ. 70 инновациялық технология енгізілді. Өңірлерге 65 технологияның трансферті жүзеге асырылды. Орталық 47 000 операция жүргізді. Оның ғылыми жетекшілігімен 29 ғылыми қайраткер дайындалды (ғылым докторы-1; ғылым кандидаттары - 25 және PhD докторлары -3).
Серік Қуандықұлы Ақшолақов келесі марапаттар мен сыйлықтарға ие:
• Алтын жұлдыз және Отан орденін табыстаумен Қазақстанның Еңбек ері (2016);
* «Нейрохирургияның жаңа бағыттары мен жедел емдеу әдістерін енгізгені үшін» Леденцов сыйлығының лауреаты (Ресей) (2021).
* Әл-Фараби атындағы ҚР Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты. (2013);
* Н.И.Пирогов атындағы сыйлықтың лауреаты. (Ресей) (2008).
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА құрамына кіргендер:
- Ақылбек Күрішбаев – «ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» АҚ Басқарма президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;
- Асқар Жұмаділдаев- «ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» АҚ вице-президенті, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;
- Дархан Біләлов- «Назарбаев Университеті» ДББҰ вице-президенті, PhD докторы;
- Вячеслав Локшин – «Persona» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор;
- Сураган Дурвудхан – «Назарбаев Университеті» ДББҰ қауымдастырылған профессоры, PhD докторы, профессор
- Максим Здоровец- Ядролық физика институтының Астана филиалының директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор;
- Тілекқабыл Рамазанов- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;
- Ерлан Тұрыспеков – «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор.
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки жаңадан сайланған академиктерге дипломдар мен төсбелгілерді ресми түрде табыс етті. Іс-шараға 42 тан аса ЖОО мен 40 жуық ғылыми зерттеу институттар оның бірінші басшылары мен өкілдері, сондай-ақ 50-ден астам жас ғалымдар қатысты.
Аталған іс-шара Қазақстанда ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың ерекше жетістіктерін білдіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның ғылым саласындағы жүйелі реформаның маңыздылығын және ғалымдардың маңызды дауысы бар басқарудың жаңа тетігін құру қажеттігін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының құрылып, оған мемлекеттік мәртебе берілгендігі жаңа жүйенің басты элементі болып табылатындығын атап өтті.