ҰНО-да Трансфузиология бөлімшесінің мамандары үшін шебер-класс өтті
сәрсенбі, 7 Август 2024
Ағымдағы жылдың 7 тамызында Ұлттық нейрохирургия орталығында трансфузиология бөлімшесінің мамандары үшін, сондай-ақ «ҰНО» АҚ нейрохирург дәрігерлері үшін аутологиялық фибрин желімін қолдану және фибрин тромбоциттерімен байытылған фибрин желімін дайындау үшін инновациялық кешенді енгізу бойынша шебер-класс өтті.
Бұл соңғы шыққан автоматтандырылған жүйе операция жағдайында пациенттің өз қанынан аутологиялық фибрин желімін алуға арналған. Жүйе 24 минут ішінде науқастың 120 мл қанынан 5-6 мл аутологиялық фибрин желімін дайындайды.
Трансфузиология бөлімшесінің меңгерушісі Бизада Сыздықова атап өткендей, кешен нейрохирургиялық операцияларды жүргізу және жазылуы қиын жараларды емдеу кезінде қауіпсіз және тиімділігі жоғары болып табылады. Сонымен қатар, бұл асқынулардың даму қаупін едәуір азайтуға, науқастың ауырсынуын азайтуға, сондай-ақ хирургиялық араласу уақытын азайтуға және пациенттің оңалту және оның ауруханада болу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.