Білім күні қарсаңында Кәсіподақ комитеті Нейрохирургия орталығы қызметкерлерінің бірінші сыныпқа баратын балаларына тосын сый жасады
жұма, 23 Август 2024
Білім күні қарсаңында Кәсіподақ комитеті Нейрохирургия орталығы қызметкерлерінің бірінші сыныпқа баратын балаларына, сонымен қатар көп балалы аналарға жағымды тосын сый жасады. Нейрохирургия орталығында аналары қызмет ететін барлығы 30 бірінші сынып оқушысы және аналары көп балалы 89 оқушы бар екен. Оларға мектепке қажетті кеңсе тауарларын сатып алуға 10 000 және 5 000 теңге сомасында ақшалай қаражат берілді. Кәсіподақ комитетінің өкілдері ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, балаларына оқуда озат, толағай табыстар мен жетістіктер тіледі.