"Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ Трансфузиология бөлімшесі "Трансфузиологияның өзекті мәселелері" тақырыбында конференция ұйымдастырды
сәрсенбі, 3 Июль 2024
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ Трансфузиология бөлімшесі "Трансфузиологияның өзекті мәселелері" тақырыбында конференция ұйымдастырды.
Бұл оқыту іс-шарасын бөлімше жыл сайын трансфузиялық терапия мәселелері бойынша дәрігерлер мен орта медициналық персоналды үздіксіз оқыту және аттестаттауға дайындау мақсатында өткізеді.
Конференцияға бөлімше меңгерушісі Бизада Сыздықова, трансфузиолог дәрігер Ербол Қуанышев, аға мейіргер Көшербаева Айғаным қатысты.
Конференция бағдарламасы барысында Трансфузиология бөлімшесінің мамандары трансфузиялық терапия бойынша тәжірибелерімен бөлісті, Ұлттық нейрохирургия орталығында қолданылатын трансфузиялық терапияны цифрландыру және қан үнемдеу технологиялары туралы баяндады.