Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы мен ұжымы мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

дүйсенбі,  13  Май  2024

    Жыл сайын 12 мамырда бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да Халықаралық мейіргерлер күні атап өтіледі. Осындай атаулы күнге орай Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы мен ұжымы мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, олардың арасынан Денсаулық сақтау саласындағы адал және көп жылдық еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен және Құрмет грамотасымен марапатталғандар бар.

Келесі қызметкерлер марапатталды:

Жақсымбекова Роза Батырханқызы – «Еңбек ардагері» медалімен (Радиология және радиохирургия бөлімшесінің емшара мейіргері).

Қырғызбаева Жанагүл Нұрланқызы – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (Нейрооңалту бөлімшесінің пост мейіргері).

Оразова Қарлығаш Зейнелқызы – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің пост мейіргері).

Поштабаева Перизат Маратқызы - Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен (Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің пост мейіргері).

Байдәулетова Марал Нұрхамитқызы - Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен (Қабылдау бөлімінің пост мейіргері).

    Әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз, барлықтарыңызға отбасылық амандық, сарқылмас қуат, зор денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй мен шуақты күндер тілейміз!

 

 



тiзiмге қайтару