Ұлттық нейрохирургия орталығында сенбілік өтті

жұма,  26  Апрель  2024

  Ұлттық нейрохирургия орталығының аумағында сенбілік өтті. Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметкерлері сенбілікке әдетте қалыптасқан дәстүр бойынша жылына екі рет – көктемде және күзде үлкен ұйымшылдықпен қатысады.  Қоршаған ортаны тазалықта ұстауға үлес қосатын осындай пайдалы  жұмысқа әкімшілік-басқару құрамы, дәрігерлер, орта және кіші медициналық персонал қатысты.

  Орталықтың ұйымшыл қызметкерлеріне сыпырғылар, тырмалар, қоқыс қапшықтары, қоршауларды бояуға бояулар, ағаштардың түбін әктеуге әк берілді. Сонымен, көгалдар ретке келтірілді, қоршаулар, ағаштар, бұталар боялды, қоқыс, жапырақтар мен құрғақ бұтақтар тырмаланып, тазаланды. 150-ден астам қоқыс қапшығы шығарылды.

  Сенбіліктің барлық қатысушыларына тазалыққа  қосқан үлестеріңіз  үшін шын жүректен алғыс айтамыз!


тiзiмге қайтару