Ағымдағы жылдың 24-26 сәуір аралығында Госпитальдық фармация бөлімі шеберлік клас өткізді
дүйсенбі, 29 Апрель 2024
Ұлттық нейрохирургия орталығында ағымдағы жылдың 24-26 сәуір аралығында Госпитальдық фармация бөлімімен Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ұжымы үшін «ҰНО» АҚ жағдайында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды инновациялық басқару» шеберлік класы өткізілді.
Ұлттық нейрохирургия орталығының профессоры, Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы Төлепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушыларға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи моделі, Ұлттық нейрохирургия орталығында енгізілген дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы айтып берді.
Бұл шеберлік-класқа, Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ ААМО бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары, бас дәрігерінің қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары, бас дәрігерінің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары, клиникалық фармакологы қатысты.
Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Госпитальдық фармация бөлімшесінің базасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам маман оқытылды. Бұдан басқа, қазіргі уақытта дәрілік заттарды ұтымды пайдалану Ақтөбе облысының, БҚО, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, СҚО, ОҚО медициналық мекемелерінде, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында белсенді қолданылады.