ҰНО Еңбекшіқазақ ААОА-да клиникалық фармация қызметін енгізу мақсатында шебер-класс өткізді
бейсенбі, 4 Апрель 2024
Еңбекшіқазақ ААОА-да клиникалық фармация қызметін енгізу мақсатында 1-4 сәуір аралығында Ұлттық нейрохирургия орталығының Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы, профессор Айгүл Төлепбергенова «Стационар жағдайында дәрі-дәрмектерді инновациялық басқару» тақырыбында шебер-класс өткізді.
Шебер-класс барысында Айгүл Төлепбергенова өз тәжірибесімен бөлісіп, қызметкерлерге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи моделі, Ұлттық нейрохирургия орталығында енгізілген дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы баяндады.
«Бүгін аурухана басшылығымен жаңа бөлімшені ұйымдастырудың барлық қажетті мәселелері талқыланды. Барлық мүдделі тұлғалар қатысты. Мен бөлімшелерде қаражатты сақтау ережелерімен таныстым, реанимация бөлімшесіне, хирургия, терапия бөлімшесіне бардым, балалар бөлімшесінде болдым. Дәріхананың жай-күйі тексеріліп, осы саланы жаңарту бойынша ұсыныстар берілді. Жедел блокты медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен дербестендірілген қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жоба ұсынылды», – деп атап өтті Айгүл Төлепбергенова.
Айта кету керек, бұл сапар ҚР ДСМ-нің ресурс үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі қанатқақты жобасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ пациенттерді тиімді, қауіпсіз, ұтымды емдеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрілік заттардың қозғалысын орталықтандырылған есепке алу мен мониторингтеу мақсатында болды.