Профессор Махамбетов Ербол Абай облысында шебер - класс өткізді

жұма,  5  Апрель  2024

  Ағымдағы жылғы сәуірдің  04-05 күндері Ұлттық нейрохирургия орталығының Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Махамбетов Ербол Таргынұлы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ халыққа консультациялық-диагностикалық, практикалық көмек және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету бойынша бағдарламасы аясында Абай облысында шебер - класс өткізді. Шебер - класс Семей қаласының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында өтті.

  Шебер -класс аясында Ербол Таргынұлы Семей қаласының ЖМЖА әріптестерімен бірлесіп Абай облысының 42 жастағы тұрғынына мидың артерия-веналық мальформациясын кесіп алып тастау бойынша операция жасады. Операция сәтті өтті, науқас ұзақ жасалған операциядан кейін анестезиядан есін жиып, палатаға ауысуға дайындалуда.

  Сондай-ақ, сапар барысында нейрохирургиялық патология, қан тамырлары және функционалдық аурулар мәселелері бойынша тегін жүзбе-жүз консультациялар, бөлімшеде ем қабылдауп жатқан  пациенттерді қарап, тексеру және Ұлттық нейрохирургия орталығында көрсетілетін жоғары мамандандырылған нейрохирургиялық көмек туралы талқылау өткізілді.


тiзiмге қайтару