Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері ер адамды көлемі ірі мөлшердегі ісіктен құтқарды

бейсенбі,  28  Март  2024

    Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің  нейрохирургтары пациентке  бас сүйегінің негізіне қарай өскен ми қабығының алып менингиомасы ісігін алып тастау операциясын жасады.

    Ісіктің үлкен болғаны соншалық, 52 жастағы ер адамның басының сол жақ маңдай-төбе  аймағында үлкен томпақ түйін пайда болды. Оны  үнемі бас ауруы, бас айналу, қан қысымының жоғарылауы, аяқтардағы сезімталдықтың төмендеуі, құлақтың шуылы және әлсіздік мазалады. Ісік мөлшері 85*60*55 мм өсті.

    Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиевтің айтуынша, менингиома МРТ-дан кейін анықталды, ер адам ҰНО-ға жедел емделуге жіберілді.

   «Пациентке нейронавигация мен аппараттық реинфузияны қолдана отырып, сол жақтағы интракраниальды өсумен сол жақ маңдай-төбе  аймақтың менингиомасын микрохирургиялық алып тастау жүргізілді. Ісік толығымен алынды. Операция 5 сағатқа созылды. Ісік алынғаннан кейін науқастың қан қысымы қалыпқа келді, денсаулық жағдайы жақсарды және ол өз қажеттіліктерін  өзі жасай алатын қалыпқа  қайта келді», - деп атап өтті нейрохирург дәрігер.

   Айта кету керек, бұл операция пациентке МӘМС шеңберінде квота бойынша тегін жүргізілді.  Мұндай араласулар кезінде оң нәтижеге тек заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтары бар жоғары мамандандырылған орталықтарда, мамандардың қатысуымен қол жеткізуге болады.

  Операцияны көп жылдық тәжірибесі бар дәрігерлер: Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, «ҰНО» АҚ профессоры Нұржан Рыскелдиев және нейрохирург дәрігер Айдос Құрманахунов, сондай-ақ анестезиолог-реаниматолог дәрігер Раушан Токшекенова жүргізді, сондай-ақ операцияға мейіргер - анестезист Сейтенова Айнагүл және операциялық мейіргер Дамир Мұратов қатысты.


тiзiмге қайтару