Бүгін - Дүниежүзілік нейрохирургтер күні

дүйсенбі,  8  Апрель  2024

      Құрметті нейрохирург дәрігерлер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге табыс, отбасылық амандық, шығармашылық жеңістер тілейміз! Әр күн оптимизмге, жақсы оқиғалар мен шабытқа толы болсын! Өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз, ерен еңбектеріңіз еселене берсін!
    Қазіргі таңда Ұлттық нейрохирургия орталығында 34 нейрохирург дәрігер жұмыс істейді. Біздің ақ халатты абзал жандарымыздың жұмыс кестелері әрбір минуттарға дейін санаулы, себебі пациенттері әдеттегі қалыпты өмірін жалғастыруы үшін бойдағы білімі мен кәсіби шеберліктерін аямай жұмсап, ауыр дертпен аянбай күресуде және сол еңбектері өз жемісін беруде.

      Нейрохирург дәрігерлердің кәсіби мерекелеріне арнайы бейне түсірілімдер болды.Оларды осы сілтемелер арқылы тамашалауға болады:

1.  https://www.youtube.com/watch?v=reX531Sw_uk
2. https://youtu.be/QLxIyrQB1MQ?si=6psqkM95rM4F0K3w
3. https://youtu.be/17wOLetBbW4?si=ZVRrAwk1eJ7v14_g
4. https://www.youtube.com/watch?v=ZB-WRCIJDZM&t=83s
5. https://youtu.be/ZU88A98BMbU?si=SYLiXvPoodvqbIPM


тiзiмге қайтару