Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы Наурыз мерекесін атап өтті

сәрсенбі,  20  Март  2024

  Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы Наурыз мерекесін атап өтті. Іс-шара Кәсіподақ комитеті ұйымдастырған үлкен дастархан басында өтті. Салтанатты шараны «ҰНО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Асылбек Калиев ашып, ұжымды жарқын және шуақты Наурыз мерекесімен құттықтады.

  Осынау жаңару мен жақсылық бастауы Наурыз мейрамына жайылған ақ дастархан басында әріптестер бір-біріне игі тілектер тілеп, жылы сөздер жаудырып жатты. Ал Наурыз көже, ұлттық тағамдар, қызметкерлердің ұлттық нақыштағы көз тартар киімдері мен тақырыптық викториналар бүгінгі іс-шараның мерекелік атмосферасына ерекше сән берді.

  Ұлттық нейрохирургия орталығы баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық, отбасылық амандық, әрбір шаңыраққа шаттық, елімізге бейбіт заман тілейді!


тiзiмге қайтару