Дәрі-дәрмектерді инновациялық басқару Орал қаласының Қалалық көпбейінді ауруханасында өтті
сәрсенбі, 13 Март 2024
Ұлттық нейрохирургия орталығының Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы, профессор Айгүл Дүйсенбайқызы Төлепбергенова Орал қаласының Қалалық көпбейінді ауруханасына іс сапармен барды.
Кездесудің мақсаты - Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың пациентке бағдарланған дербестендірілген айналымы жүйесін жетілдіру бойынша әдістемелік Орал қаласының Қалалық көпбейінді ауруханасында көмек көрсету.
Кездесу барысында бөлімше меңгерушілерінің, провизорлардың, эпидемиологтардың, аға медбикелердің,сондай-ақ медициналық аурухананың қатысуымен Айгүл Дүйсенбайқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушыларға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи моделі туралы, Ұлттық нейрохирургия орталығында енгізілген дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы айтып берді.