8 - наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Ұлттық нейрохирургия орталығында салтанатты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

бейсенбі,  7  Март  2024

Бүгін, 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Ұлттық нейрохирургия орталығында салтанатты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Күнделікті өмірде Нейрохирургия орталығын өзінің жылулығымен, сұлулығымен және мейірім шуағымен толтыратын Әдемі, жаны нәзік  әйелдер, ару қыздардың барлығына «ҰНО» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Ақшолақов бастаған Нейрохирургия орталығының барлық ер-азаматтарының  құттықтаулары мен ізгі тілектері айтылды.

Сондай-ақ, аталған іс-шарада бірқатар әйелдер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды -Зудилина Наталья - дәрігер анестезиолог-реаниматолог, Сәуле Есеркепова-Медициналық статистика бөлімінің бастығы, Әлжақсина Гаухар - Ішкі аудит қызметі, Бақытжамал Жаңабаева - Операциялық блоктың аға мейіргері, Анар Бошикова – Радиология және радиохирургия бөлімшесінің шаруа бикесі, Алтынгүл Серікпаева - Білім бөлімінің бастығы.

Іс-шараға қатысушылар тақырыптық викториналар мен құттықтауларға қатысты. Ер адамдар ән айтып, өлең шумақтарын оқып, ханымдарға көктемгі мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Барлық ханымдарды мерекемен құттықтаймыз және барлықтарыңызға махаббат, қуаныш пен бақыт тілейміз!


тiзiмге қайтару