Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы қан тапсыру бойынша донорлыққа қатысты

дүйсенбі,  19  Февраль  2024

   Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы дәстүр бойынша қан тапсыру бойынша донорлыққа қатысты. Аталған акцияға нейрохирургия орталығының дәрігерлері, орта және кіші медициналық персонал және әкімшілік қызметкерлері қатысты.

    Айта кету керек, Орталық қызметкерлері акцияға тұрақты түрде жылына кемінде 2 рет қатысады, бұл іс-шара  Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы және ҰНО Трансфузиология бөлімшесімен бірлесіп ұйымдастырылады. Донорлыққа қатысу-бұл жай ғана қайырымдылық емес, сын шақта біреудің өмірін сақтап қалудың нақты мүмкіндігі. Біздің донорларымыздың мұндай жауапты іс-шараға бей-жай қарамауы  арқасында бүгінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қан банкі тағы 15 литр қанмен толықтырылды. Акцияға қатысқандардың әрқайсысына алғыс білдіреміз!


тiзiмге қайтару