Операциялық мейіргерлер бүгін өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде
бейсенбі, 15 Февраль 2024
Бұл күні мейіргер ісінің жоғары санатты мамандары – операциялық мейіргерлер өз атына жолданған құттықтауларды қабылдайды.
Операциялық залда жұмыс тәжірибесі бар ең білікті мамандар ғана жұмыс істей алады. Операциялық мейіргерлер операциялық залдарды дайындайды, қажетті құралдарды, материалдар мен жабдықтарды таңдайды, асептика мен антисептиканың сақталуын бақылайды. Ұлттық нейрохирургия орталығында операция 6-8 сағатқа, кейде 15-сағаттан астам уақытқа созылуы мүмкін, ал операциялық мейіргер бұл процестің барлық қатысушылары арасындағы байланысты құраушы. Операциялық залда шұғыл, күтпеген жағдайлар жиі кездеседі, сондықтан операция жасаушы команда: нейрохирург, ассистент, анестезиолог және операциялық мейіргер – операция сәттілігінің кепілі. Операциялық залдағы жұмыс атмосферасы мейіргердің төзімділігіне, ұстамдылығына байланысты. Төзімділік, жауапкершілік, реакция жылдамдығы - мұндай қасиеттер орта медициналық персоналдың осы тобына тән ерекшелік.
Құрметті әріптестер! Операциялық мейіргер күнімен құттықтауға толы ақ ниетімізді қабыл алыңыздар! Шын жүректен Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға табандылық пен қажырлықты талап ететін, адамдарға денсаулық, қуаныш және үміт сыйлайтын ерен еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз! Сіздерге кәсіби шеберлік, сәттілік, сонымен қатар міндетті түрде зор денсаулық тілейміз!