ҰНО» АҚ профессоры Айгүл Төлепбергенова Талғар аудандық орталық ауруханасында шебер - класс өткізді
сәрсенбі, 24 Январь 2024
22-25 қаңтар аралығында Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы, «ҰНО» АҚ профессоры Айгүл Төлепбергенова Талғар аудандық орталық ауруханасына жұмыс сапармен барды.
Төлепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушыларға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи моделі, Ұлттық нейрохирургия орталығында енгізілген дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы баяндады.
Бұл шебер-класқа аурухана басшылары, бөлімше меңгерушілері, провизорлар, эпидемиологтар, сондай-ақ осы мекеменің мейіргерлері қатысты.